Қырғызстан парламенті мемлекеттік туды өзгертуге дауыс берді

444

Туды өзгертуге 59 депутат дауыс берсе, бесеуі қарсы болды. 

Қырғызстан парламенті мемлекеттік туды өзгертуге дауыс берді Фото: zelengarden.ru

Қырғыз елінің Парламенті 20 желтоқсан күні өткен отырысында мемлекеттік туды өзгерту туралы заң жобасын қабылдады. Бұл туралы inbusiness.kz сайты 24.kg ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Қырғыз Республикасының мемлекеттік рәміздер туралы Заңына өзгерістер енгізу туралы" заң жобасы екінші және үшінші оқылымда талқылаусыз мақұлданды. Туды өзгертуге 59 депутат дауыс берсе, бесеуі қарсы болды.

Тудың элементтерін өзгерту идеясы парламент спикері Нұрланбек Шәкиев пен депутат Ұлан Примовқа тиесілі. Олардың пікірінше, қазір тудың ортасындағы күн сәулесі мен түндік түрліше қабылданады. Біреулер оны күнбағысқа ұқсатса, енді бірі киіз үй бөлігі ретінде көреді.

Осыған байланысты, Қырғызстан туындағы сәулелердің толқын тәрізді пішінін күн сәулесін анық еске түсіретін пішінге өзгерту ұсынылды.

Сондай-ақ, дауыс беруден кейін палата төрағасы әріптестерін туға түзетудің енгізілуімен құттықтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу