Қырғызстан парламенті жаңа әнұран нұсқаларын қолдамады

90

Ел билігі қайтадан байқау өткізеді.  

Қырғызстан парламенті жаңа әнұран нұсқаларын қолдамады Фото: 24.kg

Қырғызстан мемлекеттік әнұранның жаңа нұсқасын әзірлеуге ресми түрде кірісті. Министрлер кабинетінің төрағасы Адылбек Қасымалиев тиісті құжатқа қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты 24.kg агенттігіне сілтеме жасап. 

Жергілікті басылымның жазуынша, парламент бұған дейін ұсынылған нұсқаларды қолдамады. Депутаттар оларды "шикі" әрі мазмұны мен әуені жеткілікті деңгейде емес деп бағалаған.

Жаңа әнұранның үздік нұсқаларын іріктеу үшін ведомствоаралық комиссия құрылған. Оның құрамында депутаттар, президент әкімшілігінің өкілдері, ғалымдар, филологтар, танымал композиторлар, дирижерлер мен мәдениет қайраткерлері бар.

Қырғызстанның мәдениет министрлігіне ауқымды байқау ұйымдастырып, шығармашылық топтарды құру тапсырылды. Әнұранды әзірлеуге ақындар, композиторлар, хор жетекшілері тартылмақ.

24.kg агенттігі әнұранның жаңа нұсқасына қатаң талаптар қойылып отырғанын жазады. Гимн салтанатты болып, эмоциялық әсері күшті әрі тез жатталуы тиіс. Онда елдің тарихы, халық бірлігі, мәдени дәстүрлері мен Отанға деген сүйіспеншілік көрініс табуы қажет. Сондай-ақ әнұран мәтінінің қырғыз тілінде болуына, шетел сөздері мен кірме атауларынсыз жазылуына жіті мән беріліп отыр.

Арнайы комиссия үздік жұмыстарды іріктеп, Жогорку Кенештің қарауына жібереді. Қаражат 2026 жылға арналған республикалық бюджеттен бөлінеді. Бұл авторлардың еңбекақысын, студиялық жазбалар мен сараптамалық бағалауға кететін шығындарды қамтиды.

1 маусымға дейін жаңа әнұранды парламентте таныстыру жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу