Бұл туралы бүгін 24.kg ақпараттық агенттігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
Агенттік хабарлағандай, үкімет басшысы "2022 жылға арналған республикалық бюджет және 2023-2024 жылдарға арналған болжам туралы" заң жобасы талқыланған Парламенттің бюджет, экономикалық және фискалдық саясат комитетінің отырысында мәлімдеме жасады.
Министрлер кабинетінің басшысы жыл қорытындысы бойынша Президенттің нұсқаулары мен белгіленген жоспарды орындамаған министрлер мен шенеуніктермен қызметтен босататынын айтты. Әсіресе, бұл шара кеден қызметіне қатысты.
"Біз қазірдің өзінде төрт министрмен қоштастық. Ешкімді аямаймыз, біреудің досы, туысы екеніне қарамаймыз. Үкімет түбегейлі реформаларға дайындалып жатыр. Биылғы жылы Кеден 2021 жылмен салыстырғанда 26 миллиард сомға артық ақша жинады. Ал ведомство басшысына түсімді 50 миллиард сомға ұлғайту тапсырмасы берілген еді. Жиналмай қалған 24 миллиардтың 7 миллиарды Ресейдегі жағдайға байланысты жеткен жоқ, тағы 7 миллиардқа түсініктеме берілді делік, қалғаны қайда?" - деді Ақылбек Жапаров.
Министрлер кабинетінің басшысы кеден қызметін толығымен таратуға және олардың орнына жоғары оқу орындарының түлектерін жұмысқа алуға дайын екенін айтты.
"Қажет болса, елімізге жаны ашитын басқа азаматтарды жинаймыз. Мен бұл туралы Садыр Жапаровқа айттым. Керек десеңіздер, біз барлық кеденшілерді бір күнде таратып, олардың орнына институт бітірген түлектерді жұмысқа аламыз. Біз бұған дайынбыз. Жүйені дайындау керек", - деді Ақылбек Жапаров.