Қырғызстан премьер-министрі Қазақстанды өз сауда саясатын қайта қарауға шақырды

1659

Бұған дейін қос елдің президенттері өзара тауар айналымының деңгейін 2 млрд долларға дейін жеткізуді тапсырған болатын.  

Қырғызстан премьер-министрі Қазақстанды өз сауда саясатын қайта қарауға шақырды

Қазақстанның Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Қырғызстанның министрлер кабинетінің басшысы Ақылбек Жапаров Алматыда Тұрақты даму мақсаты жөніндегі өңірлік саммит аясында кездесу өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұған дейін қос елдің президенттері өзара тауар айналымының деңгейін 2 млрд долларға дейін жеткізуді тапсырған болатын.

"Екіжақты сауданы арттыруға барлық негіз бар. Ол үшін бізге сауда саясатын қайта қарап, сауда және жүк транзиті саласындағы мәселелерді шешу қажет. Елдеріміз арасында тауарлар мен қызметтердің еркін қозғалысы үшін қолайлы жағдай жасау өте маңызды", – деді Ақылбек Жапаров.

Ол "Ақ тілек" және "Қарасу" автожол өткізу пункттері ауданында индустриялық сауда-логистикалық кешен салу мәселесіне қатысты нормативтік құқықтық базаны күшейтілген режимде пысықтау қажеттігін атап өтті. Жапаров бұл кешенді үш жыл ішінде іске қосу керектігін айтты.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу