Қырғызстан Президент әкімшілігі штатын 22% қысқартты

Өзгерістің басты мақсаты – шешім қабылдау процесін оңтайландыру.

Қырғызстан Президент әкімшілігі штатын 22% қысқартты Фото: Кабар

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров тиімділікті арттыру және шешім қабылдау процесін оңтайландыру мақсатында өз әкімшілігінің штатын 259 адамға дейін қысқартты.

"Садыр Жапаровтың тапсырмасы бойынша Қырғызстан Президенті әкімшілігінің құрылымы мен штат саны оңтайландырылды. Шешімге сәйкес, аппараттың жалпы штат саны 72 штат бірлігіне қысқартылып, 259 адамды құрады", - деп хабарлады Президент әкімшілігінің баспасөз қызметі.         

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу