Қырғызстан президент сайлауын 17 қаңтарда өткізуді жоспарлап отыр

1135

Парламенттік сайлау алдағы екі ай ішінде ұйымдастырылуға тиіс.

Қырғызстан президент сайлауын 17 қаңтарда өткізуді жоспарлап отыр

Қырғызстандағы президент сайлауы 2021 жылдың 17 қаңтарында өтуі мүмкін. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұржан Шайлдабекова хабарлады. 

Еске сала кетейік, 5 қазанда Бішкектің Ала-Тоо деп аталатын орталығында парламентке өтпей қалған партиялардың 2 мыңға жуық жақтасы бас көтерген еді. Парламентке жеткілікті дауыс жинаған "Бірімдік", "Мекенім Қырғызстан", "Қырғызстан", "Бүтін Қырғызстан" партиялары кіруі тиіс еді. Бірақ жеңіліс тапқан партиялардың жақтастары сайлауды әділ өтпеді деп, оны қайтадан өткізуді талап етті. Ереуілдердің арты қақтығысқа ұласып, бас көтергендер Ақ үйді басып алды. Артынан бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев пен бірқатар шенеунік тергеу изоляторынан босатылды. Ресми дерек бойынша қақтығыс кезінде 1,2 мың адам жарақат алып, 1 адам қаза тапқан. 

15 қазанда Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков отставкаға кететінін мәлім етті. Ел конституциясына сәйкес, мемлекет басшысының отставкасынан кейін оның өкілеттігі парламент спикеріне тапсырылуға тиіс еді. Бірақ спикер Қанат Исаев президенттің міндетін атқарудан бас тартты. Осылайша барлық өкілеттік премьер-министр Садыр Жапаровқа жүктелді.

Табиғат Нұрболат

Фото: eadaily.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу