Қырғызстан президенті 2-3 наурызда Қазақстанға келмекші
27 Ақпан 2021 17:05 858

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 2-3 наурыз аралығында Қазақстанға келуді жоспарлап отыр.
Қырғызстан президентінің Қазақстанға сапары туралы ақпаратты Қазақстан Президентінің көмекшісі Ерлан Карин өзіңнің телеграмм-каналында жариялады.
Қырғызстан басшысының баспасөз хатшысы Галина Бәйтерек Интерфакске сапар туралы ақпаратты растады.
«Садыр Жапаров 2-3 наурыз аралығында Қазақстанға келуді жоспарлап отыр. Алдағы сапар туралы толығырақ ақпарат дүйсенбіде беріледі», - деді Галина Бәйтерек.