Қырғызстан президенті алғашқы ұстазымен кездесіп, ақ батасын алды

593

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Садыр Жапаровтың бастауыш сынып мұғалімі одан жеке кездесуін өтінген бейнежазба тарады. 

Қырғызстан президенті алғашқы ұстазымен кездесіп, ақ батасын алды Фото: president.kg

Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров Ыстықкөл облысына сапары барысында алғашқы ұстазы Кенешкан Шаменовамен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Қырғыз Республикасы президентінің ресми сайтына сілтеме жасап.  

Бейресми жағдайда өткен кездесуде Садыр Жапаров ұстазы Кенешкан Шаменованың оған әріптерді жазуды үйреткенін әлі күнге дейін ұмытпағанын айтты. Қырғызстан басшысының сөзінше, сол жылдары балалар балабақшада арнайы дайындықтан өтпей, жеті жасында бірден мектепке баратын.

Садыр Жапаров алғашқы мектеп жылдарындағы сабыры мен еңбегі үшін ұстазына шынайы алғысын жеткізді. Кенешкан Шаменова теледидар арқылы шәкіртінің қызметін тұрақты түрде бақылап отыратынын, оның президент ретіндегі жетістіктеріне шын жүректен тілекші екенін айтты. Сондай-ақ ол Жапаровтың бала күнінде дәптеріне "Эл үчүн иштейм" ("Халық игілігі үшін жұмыс істеймін") деп жазғанын еске да салды.

"Ұстаз елдегі оң өзгерістерге тоқталып, аймақтық әуежайлардың іске қосылуын, ауылдардың абаттандырылуын және шекара мәселелерінің шешілуін атап өтті. Бұл ретте Садыр Жапаров бірінші кезекте елдегі тұрақтылық пен барлық саланың дамуы екенін атап өтті. Кездесу соңында Кенешкан Шаменова Садыр Жапаровқа батасын беріп, қырғыз халқына бірлік, ашық аспан мен өсіп-өркендеуді тіледі", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу