Қырғызстан Президенті аппаратының COVID-19 жұқтырғандар саны 17-ге жетті

651

Өткен жұмада президенттің баспасөз қызметі сегіз қызметкердің COVID-19 жұқтырғаны туралы хабарлады.  

Қырғызстан Президенті аппаратының COVID-19 жұқтырғандар саны 17-ге жетті

Қырғызстанның президент әкімшілігінің тағы тоғыз қызметкері COVID-19 коронавирусын жұқтырғанын растады, деп хабарлады сенбіде Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі.

"Қырғызстан президенті әкімшілігінің тағы тоғыз қызметкерінің коронавирус инфекциясын жұқтырғаны расталды, оның ішінде әкімшілік басшысы Досалы Эсеналиев те бар",– деп хабарлайды баспасөз қызметі.

27 маусымдағы жағдай бойынша Қырғызстан президенті аппаратындағы науқастардың жалпы саны 17 адамды болды.

"Олардың барлығы үйде оқшауланған, медициналық кеңестер алып, қашықтықтан жұмыс істеуді жалғастыруда. Ауру әртүрлі деңгейде өтуде, жағдайлары қанағаттанарлық деп бағаланады", – деді баспасөз қызметі.

Өткен жұмада президенттің баспасөз қызметі сегіз қызметкердің COVID-19 жұқтырғаны туралы хабарлады.

"Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысқан қырғыз делегациясының құрамында коронавирус жұқпасы жағдайларының анықталуына байланысты президенттік аппараттың барлық қызметкерлері вирустың бар-жоғын тексеруден өткізді. Сегіз қызметкер COVID-19 коронавирусының бар екенін растады", – деп хабарлады баспасөз қызметінде.

Бұған дейін Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековтің Мәскеуден Бішкекке оралғаннан кейінгі COVID-19 коронавирусын анықтауға жасаған тесті теріс нәтиже көрсеткені туралы хабарланған болатын.
 
Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков өткен сәрсенбіде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай Қырғыз делегациясының мүшелері арасында  коронавирус инфекциясын жұқтырғандар бары белгілі болғаннан кейін, Мәскеудегі шеруге қатысудан бас тартты.

Соңғы мәліметтер бойынша, Қырғызстанда коронавирустық инфекцияның 4 513 жағдайы тіркелді, 2 212 науқас емделді, 46 адам инфекциядан қайтыс болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу