Бұл туралы бүгін Қырғызстан басшысының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
Баспасөз қызметі хабарлауынша іс-шарада ҰҚШҰ жауапкершілік аймағындағы қазіргі жағдай, жалпы халықаралық қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін талқылау жоспарлануда. Ұйымға кіретін елдердің көшбасшылары Армения төрағалық еткен жылды қорытындылап, алдағы Беларусь басқаратын кезеңдегі ұйым қызметінің басым бағыттары туралы ақпаратты тыңдайды.
Қырғызстан Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі Мұратбек Әзімбақиевтің айтуынша, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы одақтастықты нығайтуға бағытталған, сондай-ақ ұйымның қызметін реттейтін бірқатар құжаттарға қол қою жоспарланған.