Қырғызстан президенті Пәкістанға ресми сапармен 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін барады

511

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Пәкістанға ресми сапармен барады.  

Қырғызстан президенті Пәкістанға ресми сапармен 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін барады Фото: economist.kg

Бұл туралы inbusiness.kz Қырғызстан СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл мәселе Қырғызстанның Пәкістандағы елшісі Ұланбек Тотуяевтің Премьер-Министр Шахбаз Шарифпен кездесуінде талқыланып, тараптар қырғыз-пәкістандық екіжақты ынтымақтастығының кең ауқымды мәселелерін қарады.

Кездесу барысында екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылға, сондай-ақ CASA-1000 сияқты маңызды өңірлік жобаларды іске асыруға ерекше назар аударылды.

Ұланбек Тотуяев Қырғызстан мемлекетаралық өзара іс-қимылды жан-жақты дамытуға мүдделі екенін мәлімдеді. Ол саяси байланыстар, өзара тауар айналымының көлемін ұлғайту, инвестициялық ынтымақтастықты, Орталық және Оңтүстік Азия арасындағы тиімді логистикалық маршруттарды белгілеу жөніндегі жұмысты жандандыруды ұсынды.

Өз кезегінде Шахбаз Шариф елшіге Қырғыз тарапының Пәкістанға су тасқыны салдарымен күресте жәрдемдескені үшін алғысын білдіріп, Қырғызстан президенті Садыр Жапаровқа көңіл айтқанына ризашылығын білдірді. Ол сондай-ақ Пәкістан көптеген мәселелер бойынша бірыңғай мүдделер мен ұстанымдарды ескере отырып, өңір елдерімен ынтымақтастықты ілгерілетуге мүдделі екенін атап өтті.

Тараптар осы жылдың бірінші жартыжылдығында Садыр Жапаровтың Пәкістанға ресми сапарын ұйымдастыру мәселесін бірлесіп пысықтауға келісті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу