Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты елорда әуежайынан Үкімет басшысы қарсы алды

236

Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты елорда әуежайынан Үкімет басшысы қарсы алды Фото: Үкімет

Қырғызстан Президенті Астанаға Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI консультативтік кездесуіне және "Орталық Азия + Жапония" диалогы мемлекеттер басшыларының бірінші саммитіне қатысу үшін келді, онда интеграциялық үдерістерді одан әрі дамыту мәселелері талқыланады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Садыр Жапаровты Премьер-Министр Олжас Бектенов әуежайда қарсы алды.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы 26%-дан астам өсті. Осы жылдың 5 айында өзара сауда көлемі $614,3 млн-ды құрады, бұл ретте қазақстандық тауарлар экспорты 6,7%-ға артты.

Қазіргі уақытта биылғы сәуір айында екі мемлекет басшылары қол қойған Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы одақтастық қатынасты тереңдету және кеңейту туралы шарт ережелерін іске асыру бойынша үкіметтер деңгейінде бірлескен жұмыс жүргізілуде. Атап айтқанда, сауда-экономикалық, көлік-логистикалық ынтымақтастықты арттыру, су-энергетика, ауыл шаруашылығы салаларындағы өзара іс-қимылды тереңдету жұмыстары атқарылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу