Қырғызстан Президенті жаңа конституцияға қол қойды

723

Қырғызстанда басқару формасы парламенттіктен президентікке ауысты. Жаңа Конституцияға Садыр Жапаров бірер сағат бұрын ғана қол қойды, деп хабарлайды Atameken Business.

Қырғызстан Президенті жаңа конституцияға қол қойды

Салтанатты шара "Ала Арча" мемлекеттік резиденциясында өтті. Оған Жогорку кеңеш депутаттары, судья корпусының өкілдері, үкімет мүшелері және қоғам қайраткерлері қатысты.

Айта кетсек, жаңа Конституция бойынша референдум 2021 жылдың 11 сәуірінде өтіп, оған қатысқан азаматтардың 79 пайыздан астамы дауыс берген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу