Қырғызстан президенті жиені үшін халықтан кешірім сұрады

414

24 маусым күні Қырғызстандағы Оруу-Сай шатқалында Қырғызстан басшысының жиені 23 жастағы Лаззат Нуркожоеваның "Marry me" рәсімі өткен.

Қырғызстан президенті жиені үшін халықтан кешірім сұрады Фото: kg.akipress.org

Ұзату рәсімінде Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағын пайдаланғаны белгілі болды. Жұртшылықтың наразылығын тудырған оқиға аясында президент жұртшылықтан кешірім сұрап, "Кабар"агенттігіне түсініктеме берді, деп жазады Inbusiness.kz cайты.

Қырғызстандағы Оруу-Сай шатқалында 23 жастағы Лаззат Нуркожоеваның "Маған үйлен" рәсімінен түсірілген видеоны қыздың өзі Instagramпарақшасында жариялаған. Видеода қалыңдық пен күйеу жігіттің шатқалға ТЖМ-ға тиесілі тікұшақпен сәнді безендірілген платформаға келгенін көруге болады. Бұл жағдай әлеуметтік желі қолданушыларының сынына ұшырап, Нуркожоеваны отбасылық байланысын пайдаланды деп айыптады.

Айта кетейік, Қырғызстан ТЖМ ресми түрде тікұшақтарды жалға береді. Тікұшақты бір сағатқа жалға алу құны – 185 000 сом (шамамен 2 150 доллар). Президент Жапаров өз түсініктемесінде тікұшақтарды жалға беруден келген қаржы бюджетке түсетінін, бұл ақшаға ТЖМ тікұшақ паркі жаңартылатынын баса айтты. Бұл ретте ол отбасы мүшелерінің ақша шашудан аулақ болуы керектігін атап өтті.

– Ел басшылығына жақын адамдар өзгелерге үлгі болуы керек. Мен ысырапшылдыққа нүкте қою керектігін жиі қайталаймын. Ең болмаса, болашақ күйеу бала осылай жасамас бұрын мені қолдап, ойлануы керек еді. Сынға ұшырамауға, Президентті ыңғайсыз жағдайда қалдырмауға тырысса болар еді. Менің ойымша, ол мұны балалықпен жасады. Жас қой. Рлар бір-бірін шын жақсы көреді, қызға жай ғана келіп қолын сұраса да, ол жоқ демес еді, - деді С. Жапаров.

Сондай-ақ, Жапаров туыстарына қатаң талап қоятынын, оларды бұрынғы қателіктерге жол бермеуге, мемлекет ісіне араласпауға үнемі шақыратынын атап өтті.

– Мен басқаларды сынайтынмын. Енді бұл жағдай өз басыма келді. Жиенім үшін халықтан кешірім сұраймын. Ол халықтың пікірін тыңдайды. Бұл жағдайдан дұрыс қорытынды шығарады деп есептеймін. Оның үстіне ол жаңа өмірін бастап, отбасын құрғысы келеді және оның әрбір қадамы болашақта парасатты болады деп сенемін, - дейді Қырғызстан президенті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу