Қырғызстан президенті жоғалды

1128

ІІМ оны іздеп жатпағанын айтты.  

Қырғызстан президенті жоғалды

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков пен бұрынғы премьер-министр Кубатбек Бороновтың қазір қай жерде екені белгісіз. Мемлекет басшысы жоғалды. Бұл туралы елдің ІІМ хабарлады.
Ведомство оны іздеп жатпағанын да мәлім етті.

"Оның қай жерде екенін білмейміз. Оны іздеп те жатқан жоқпыз. Айналысатын басқа істеріміз бар. Қазір бастысы – тәртіп орнату", – деді ведомство өкілі Курсан Асанов.

Елдегі Қауіпсіздік кеңесі басшысының орынбасары Омурбек Суваналиевтің айтуынша, президент пен бұрынғы премьер ереуіл басталғалы халық алдына шықпаған, Жээнбековтың мәлімдемелері тек басылымдарда жарияланған.

Еске сала кетсек, 5 қазанда осы алаңда парламентке өтпей қалған партиялардың 2 мыңға жуық жақтасы бас көтерген еді. Олар парламенттік сайлаудың қорытындысын мойындамай, қайтадан өткізуді талап етті. Кешке қарай құқық қорғаушылар оларды таратпақшы болған еді, бірақ оның арты қақтығысқа ұласып кетті. 

Ереуілшілердің талабы орындалды. Орталық сайлау комиссиясы саяси дода қорытындысының күшін жойып, парламенттік сайлау қайтадан ұйымдастырылатын болды. Оның қашан өтетіні алдағы екі аптаның ішінде жарияланбақ.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу