Қырғызстан президенті Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің келесі отырысына қатысады

318

Бұл туралы Қырғыз Республикасы президент әкімшілігінің сыртқы саясат бөлімінің басшысы Мұратбек Азымбақиев мәлімдеді. 

Қырғызстан президенті Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің келесі отырысына қатысады Фото: kabar.kg

25-26 желтоқсанда Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЕЭК) кезекті отырысына және Санкт-Петербургте (Ресей) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері басшыларының бейресми кездесуіне қатысады. Бұл туралы inbusiness.kz сайты 24.kg ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

ЖЕЭК отырысы барысында ел президенттері одақтың одан әрі қызметі үшін қажетті мәселелерді талқылайды. Атап айтқанда, комиссия алқасы мен ЕАЭО Сотының мүшелері, одақтың 2024 жылға арналған халықаралық қызметінің негізгі бағыттары, бірлестіктің 2024-2025 жылдарға арналған макроэкономикалық саясатының бағдарлары бекітіледі. Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде 2030 және 2045 жылдарға дейінгі интеграциялық процестерді одан әрі дамытудың міндеттері мен түйінді бағыттарын қарастырады.

" Кездесу барысында Иранмен ЕАЭО еркін сауда аймағы туралы келісімге қол қойылады деп күтілуде. ТМД-ға мүше — мемлекет басшыларының бейресми кездесуінде 2023 жылғы өзара іс-қимылдың қорытындылары шығарылады, болашаққа арналған негізгі міндеттер айқындалады, өзекті халықаралық және өңірлік тақырыптар бойынша пікір алмасу болады. Қырғызстан биылғы жылы Достастыққа төрағалық етті", — деп атап өтті Мұратбек Азымбақиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу