Қырғызстан президенті жол бойындағы дәмханада қонақ болды

1060

Бұл туралы Threads желісінде қырғызстандықтар жарыса жазды.  

Қырғызстан президенті жол бойындағы дәмханада қонақ болды Фото: Әлеуметтік желіден

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров жұбайымен бірге Ыстықкөлге барар жолдағы "Апамның қаттамасы" дәмханасына кіріп, шай ішкен, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Дәмхана қонақтарының бірі Мемлекет басшысын алғашында танымай қалғанын айтты. Оның сөзінше, Президент басқа келушілермен бірге қарапайым жағдайда көршілес үстелге кеп жайғасқан.

"Президентімізді "Апамның қаттамасы" дәмханасынан көру тосын жағдай болды. Тіпті бұл Садыр Нұрғожаұлы мен оның жұбайы Айгүл ханым екенін бірден түсінбедім", – деп жазды қырғызстандық әйел.

Жазба авторының айтуынша, президенттің келуіне байланысты жолдар жабылмаған. Алайда жеке күзет қызметі жанында болған.

Дәмхана қонақтарының сөзінше, олар дәмханаға өздері кіріп, шай мен қаттамаға тапсырыс берген. Ерлі-зайыпты тез түскі ас ішіп, кейін жолын жалғастырған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу