Қырғызстанда президент сайлауы аяқталды. Алдын ала мәлімет бойынша Социал-демократиялық партияның атынан шыққан үміткер Сооронбай Жээнбеков көп дауыс жинаған, деп хабарлайды abctv.kz
ОСК ақпаратына сүйенсек, сайлауға халықтың 55,93% ғана қатысқан, бұл Орталық Азиядағы ең төмен рекордтық көрсеткіш болып отыр.
Республика бойынша 2375 сайлау учаскесі ашылды. Алдын ала мәлімет бойынша Сооронбай Жээнбеков - 54,75%, Омурбек Бабанов – 33,8%, ал үшінші орында "Бутун Кыргызстан" партиясының көшбасшысы Адахан Мадумаров - 6,47%, Темир Сариев 2,57% дауыс жинаған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу