Қырғызстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, азаматқа қызмет бабын пайдаланып аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ұсталған азамат мемлекеттік қызметші бола тұра, азамат С.Д.-ға аса ірі көлемде материалдық залал келтіріп, пайда табу мақсатында алаяқтық жолмен ақша алған.
Бұған қоса, ол осыған ұқсас бірқатар қылмыстарды жасады деген күдікке ілінді.
Бүгінде Қырғыз Республикасының Бас прокуратурасы оны экстрадициялау мәселесімен айналысып жатыр.
Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, ұсталған азамат Қырғыз Республикасы президентінің бұрынғы ерікті көмекшісі болған. Өткен жылдың күзінде қызметінен босатылған ол елден кетіп, Қырғызстан президенті мен оның маңайындағыларды қатаң сынға алды.