Қырғызстан президентінің інісі ұсталды

1518

Бішкектің 1-тергеу изоляторында 32 жасар Ұлан Жапаров қамауға алынды. 

Қырғызстан президентінің інісі ұсталды Фото: rezonans.kg

Бішкекте Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың туысы Ұлан Жапаров ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz 24.kg  агенттігіне сілтеме жасай отырып.

"Алдын ала мәліметтер бойынша қылмыстық іс ҚК-нің "Сыбайлас жемқорлық" бабы бойынша қозғалған. Істі ІІМ тергеу қызметі тергеп жатыр", - деп хабарлады редакция.

Бішкектің Первомай аудандық соты У.Ж. есімді азамат сот қаулысымен 26 шілдеге дейін қамауға алынғанын растады.

Редакция дереккөздерінің мәліметінше, Ұлан Жапаров Садыр Жапаровтың немере ағасы Рақымжан Жапаровтың ұлы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу