Әзімбек Бекназаров кеше кешке болған телевизиялық пікірталас кезінде президент лауазымына таласудан бас тартқанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Финалға жақын қалғанда үміткерлердің бағдарларламалары, идеялары, платформасы емес, олардың ақшалары ғана мәнге ие болып қалды. Сондықтан мен сайлауға қатыспаймын деп шештім", - деді саясаткер.
Алайда, орталық сайлау комиссиясы Бекназаровты тізімнен алып тастай алмайды. Себебі ол ОСК-ға сайлауға қатыспау туралы өтінішті үш күн қалғанда, бейсенбі күні беру керек болған. Бірақ, Әзімбек Бекназаровтан ондай өтініш түспеген. Сондықтан үміткердің тегі бюллетендерден алынып тасталынбайды, заңнамалық тұрғыдан ол президент лауазымына үміткер болып қала бермек.
Осылайша, Қырғызстан президенті сайлауына қатысуға дайын 10 үміткер қалды. Дауыс беру 2017 жылдың 15 қазанына белгіленген.