Қырғызстан шенеуніктері мемлекеттік тілді меңгеруге міндетті

471

Сондай-ақ, жергілікті телерадиокомпаниялар ақпараттың елу процентін қырғыз тілінде таратуға міндетті.

Қырғызстан шенеуніктері мемлекеттік тілді меңгеруге міндетті Фото: Ашық дереккөзден

 

Қырғызстан Парламенті шенеуніктерге мемлекеттік (қырғыз) тілді міндетті түрде білуді талап ететін заң қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ТАСС-қа сілтеме жасап.

"Депутаттар үшінші оқылымда Қырғыз Республикасының мемлекеттік тілі туралы "Конституциялық заң жобасын қарап, қабылдады", — деді Парламент өкілі.

Жогорку Кенештің баспасөз қызметінің мәліметінше, заң мемлекеттік тілді қолданудың "құқықтық негіздерін" белгілеуге бағытталған. Енді барлық мемлекеттік қызметкерлер қырғыз тілін білуі керек, олай болмаған жағдайда қызметінен кетеді. Сонымен қатар, жергілікті телерадиокомпаниялар ақпараттың елу процентін қырғыз тілінде таратуы тиіс. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу