Қырғызстанда шетелден әкелінетін көліктерге салынатын кеден бажының жарнасы төмендеді. Тиісті қаулыға Қырғыз Республикасының премьер-миистрі Мұхаммедқали Абылғазиев қол қойды, деп хабарлайды Atameken TV.
Аталмыш шешім жеке тұлғаларды электрлік және гибридтік қозғалтқыштағы автокөліктерді жеткізуге ынталандыруға, тозығы жеткен көліктердің санын қысқартуға, сондай-ақ елдің автомобиль паркін жаңартуға бағытталған.
Үкіметтің аталған қаулысы негізінде кеден бажының бірыңғай мөлшерлемесі, бензин және дизельмен жүретін автокөліктеріне қатысты кеден бажы мен салықтардың бірыңғай көлемі 2014 жылғы деңгейге дейін төмендетілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу