Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Қырғыз Республикасының сыртқы істер министрі Чингиз Айдарбековпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.
Сыртқы саяси ведомстволарының басшылары екіжақты байланыстардың жай-күйін және саяси, сауда-экономикалық салаларда жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің келешегін талқылап, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Әңгіме барысында Қырғызстан сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловты жаңа лауазымға тағайындалуымен жылы құттықтап, оны Бішкек қаласына сапармен келіп кетуге шақырды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу