Қырғызстан тауларында альпинистер жоғалып кетті

359

Туристер соңғы рет 19 шілдеде байланысқа шыққан.

Қырғызстан тауларында альпинистер жоғалып кетті Фото: Life.ru

Бұл туралы Қырғызстанның ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

Жоғалған альпинистер тобында төрт адам болған, олардың үшеуі - ресейлік және Литваның бір азаматы. 

"11 шілдеде альпинистер "Ақсай трэвел" компаниясы және туристік сақтандыру полисімен келісімшарт жасап, Ыстықкөлдегі лагерьге қоныстанды. Сол күні Жеңіс шыңына аттанды. Соңғы рет туристер тобы 6900 метр биіктікті бағындырып, 19 шілдеде байланысқа шыққан", дейді баспасөз қызметінің өкілі.

"Ақсай трэвел" топтың спутниктік орнын анықтап, 24-26 шілдеде жалға алынған тікұшақпен іздеу операциясын жүргізді, алайда одан нәтиже шықпаған.

Министрлік мәліметінше, 27 шілдеде Ресейдің ТЖМ-не жедел-іздеу шараларын өткізу бойынша ресми сұраныс түсті. Сол кезде альпинистерді іздеуге "Эдельвейс" отрядының 7 құтқарушысы мен Қырғызстанның республикалық жеке құтқарушы отрядының 16 қызметшісі қосылды. 

"Қазіргі таңда ТЖМ қызметкерлері көшкін жүру мен шыңға шығудың бақса да қатерлерін ескере отырып, іздеу жұмыстарын қауіпсіздік шарасын қатаң ұстанып жүргізуде", деп атап өтті ведомствода.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу