Қырғызстан тәжік тарапын келісімдерді қатаң сақтауға шақырды

676

16 қыркүйек болған қақтығыста 24 қырғыз азаматы қаза тапқан.

Қырғызстан тәжік тарапын келісімдерді қатаң сақтауға шақырды

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті тәжік тарапын қол жеткізілген атысты тоқтату туралы келісімдерді қатаң сақтауға, шекарадағы шиеленістің сақталуына ықпал ететін кез келген факторлардың алдын алуға шақырады, деп жазады inbusiness.kz.

Қырғызстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 16 қыркүйек болған қақтығыста 24 азамат қаза тапқан. Тәжікстан тарапынан қаза болғандар мен жараланғандар туралы ресми ақпарат жоқ.

Бүгінде шекарадағы жағдай шиеленісіп тұр. 

Еске сала кетсек, 16 қыркүйек Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында қақтығыс болды. Жағдай шиеленісе түскен соң қос ел Президенті шұғыл кездесу өткзіп, әскери әс-қимылды тоқтату туралы уағдаласты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу