Қырғызстанның әскери қызметкері 8 шілдеде Тәжікстанмен арадағы шекарада болған атыс салдарынан қаза тапты, деп хабарлайды Inbusiness.kz Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Тәжік шекарашыларының Қырғызстанның шекара жасағына жасаған қарулы шабуылының салдарынан шекара қызметінің 1994 жылы дүниеге келген әскери қызметкері қаза тапты", – деп жазылған хабарламада.
Қазір шекарашының өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр. Алдын-ала мәлімет бойынша, Тәжікстан тарапынан да қаза тапқандар мен жараланғандар бар.
Қырғызстанның Баткен облысы басшысының орынбасары Маруфхан Тулаевтың айтуынша, шекарадағы атыс кезінде тағы екі адам жарақат алған.
Қырғызстанның шекара қызметінің мәліметінше, бейсенбі күні сағат 17:00-де Баткен облысының Лейлек ауданындағы Наумина асуындағы мемлекеттік шекараның қырғыз-тәжік учаскесінде Қырғызстанның шекара жасағына Тәжікстан шекарашылары кенеттен қарулы шабуыл жасап, екі қырғыз әскериін кепілге алды.
Табиғат Нұрболат