Қырғызстан-Тәжікстан шекарасында оқ атылды

227

Тәжікстан азаматтары шекарашылардың Қырғызстан аумағынан кету талаптарын елемей, әскери қызметкерлерге тас лақтыра бастаған. 

Қырғызстан-Тәжікстан шекарасында оқ атылды Фото: газета «Тверская 13

Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті шекара қызметінің ақпарат және коммуникациялар департаментінің мәліметінше, 7 мамыр күні шамамен сағат 12:20-да Баткен облысы Лейлек ауданы, Ақ-Босого ауылының маңында Қырғызстан шекарашысы Тәжікстан азаматтарын Қырғызстан Республикасының аумағында мал жайып жүргенін байқаған.

Шопандардың бірі Қырғыз Республикасының шекара наряды бағытында бірнеше рет оқ атқан, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Жағдайдың ушығуына жол бермеу үшін Қырғызстан шекарашылары әуеге ескерту оқтарын атқан. Осыдан кейін шопандар Тәжікстан аумағына қашып кеткен.

Қырғыз Республикасының шекарашылары арасында зардап шеккендер жоқ. Расталмаған мәліметтер бойынша, Татарстан Республикасының бір азаматы аяғынан жарақат алған.

"Алайда жарақатты нақты қай жағдайда, қашан және қай жерде алғаны белгісіз, өйткені Тәжікстанның құқық қорғау органдары тек суретті ғана жариялаған", – деп атап өтті Қырғызстанның шекара қызметі.

Тараптардың шекара өкілдерінің кездесуі күтілуде. Қазіргі уақытта қырғыз-тәжік секторындағы жағдай тұрақты деп сипатталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу