Қырғызстан Тәжікстанға наразылық нотасын табыс етті

560

Қырғызстан мен Тәжікстан СІМ басшылары келіссөздер жүргізді.

Қырғызстан Тәжікстанға наразылық нотасын табыс етті

Қырғызстан СІМ Тәжікстанның Сыртқы істер министрлігіне заңсыз және деструктивті әрекеттер туралы наразылық нотасын табыс етті. Бұл туралы оның баспасөз қызметі хабарлады.

"Қырғыз тарапы 16 қыркүйекте бұрын қол жеткізілген барлық уағдаластықтарға қарамастан Тәжік тарапы қарулы күштерді, ауыр әскери техниканы пайдалана отырып, Қырғыз Республикасының Баткен облысының Баткен және Лейлек аудандарындағы қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасының бүкіл периметрі бойынша шекаралық және азаматтық объектілерге опасыздықпен шабуыл жасағанын атап өтті", – делінген Қырғызстан СІМ хабарламасында.

Қырғызстан тарапы қол жеткізілген барлық уағдаластықтарды мүлтіксіз сақтауды, атысты тоқтатуды және әскери құралымдарды алып кетуді талап етті. Шекара маңындағы аумақтардағы жағдайдың ушығуына әкеп соқтыруы мүмкін жағдай туғызбай, шекарада туындайтын барлық проблемалар тек саяси-дипломатиялық құралдармен шешілуі тиіс екенін тағы да ерекше атап өтті.

Динара Мұрат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу