Қырғызстан Тәжікстанмен шекара қақтығысынан болған залалды 37 миллион долларға бағалады

497

Бұл туралы Қырғызстан үкіметінің басшысы Ақылбек Жапаров мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz Интерфаксқа сілтеме жасай отырып.

Қырғызстан Тәжікстанмен шекара қақтығысынан болған залалды 37 миллион долларға бағалады

"Комиссия алдын-ала есептеу бойынша, келтірілген залалды 3,13 млрд сомға (37,7 млн доллар) бағалады", – деді Жапаров Қырғызстан парламентінің отырысында.

Оның айтуынша, жанжал салдарынан 63 адам жарақаттанып, қаза тапты. 12 адам жол апатынан бақилық болды, 206 адам жараланып, 661 тұрғын үй зақымданған, оның 423-ін қалпына келтіру мүмкін емес. Сондай-ақ 11 әкімшілік нысан, 27 әлеуметтік нысан, 61 автокөлік пен бір көпір зақымданды.

Жапаровтың айтуынша, ел Үкіметі Баткен облысын қалпына келтіруге және қаза тапқандардың отбасыларына өтемақы төлеу үшін 8,5 млрд сомға дейін ($102 млн) бөлуді жоспарлап отыр. Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына, атап айтқанда, 15 отбасыға 1 миллион сомнан ($12 мың) қаражат беріледі, жараланғандар жарақаттың ауырлығына қарай өтемақы алады.

Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс 14 қыркүйекте басталды. Нәтижесінде, екі жақтан да құрбан болғандар бар. Қанды қақтығыста Қырғызстан мен Тәжікстан бір-бірін қарулы агрессия жасады деп айыптап келеді.

Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қарулы қақтығыстар салдарынан 63 адам қаза тауып, 206 адам жарақат алған. Ел билігінің мәліметінше, қақтығыс аймағынан 142 мыңнан астам азамат эвакуацияланған.

Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Қамшыбек Тәшиев 25 қыркүйекте Қырғызстан мен Тәжікстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеттері жанжалды тоқтату туралы құжатқа қол қойғанын, оған сәйкес тараптар мемлекеттік шекарадағы төрт шекара бекетін жоюға уағдаласқанын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу