Қырғызстан Тоқаевқа алғыс айтты

1019

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Руслан Казакбаевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы СІМ сайтына сілтеме жасап.  

Қырғызстан Тоқаевқа алғыс айтты

Р.Казакбаев Ауғанстаннан 14 қырғыз азаматын, соның ішінде олардың дипломаттарын қайтаруға бауырлас көмек көрсеткені үшін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа және ҚР Үкіметіне алғысын білдірді.

Министрлер АИР-дағы ахуалдың дамуын мониторингілеу бойынша тығыз өзара іс-қимыл жасау және жедел мәселелерді шешудегі одан әрі бірлескен шаралар туралы уағдаласты.

Еске сала кетсек, Қазақстан әскери ұшақпен Ауғанстаннан 42 адамды эвакуациялады. Осы бортта қазақстандықтармен бірге 14 Қырғызстан азаматы болды.

 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу