Қырғызстан транзиттік дәліз ашуды сұрап отыр

637

1343 қырғызстандық елге орала алмай жүр.

Қырғызстан транзиттік дәліз ашуды сұрап отыр

Ресми Бішкек Қазақстан тарапынан қырғызстандықтар үшін еліміздің территориясы арқылы өтетін транзиттік дәлізді ашуды сұрады. Өйткені бұл елдің азаматтары Башқұртстан мен Орынбор облыстарының шекарасында қалып қойып, еліне қайта алмай жүр. Бұл туралы көршілес елдің Сыртқы істер министрлігі мәлім етті. 

Қазір Қырғызстан қазақстандық тараптың жауабын күтіп отыр. 

Әзірге ресми Бішкек қазір Ресейде жүрген ел азаматтарын ресейлік-қазақстандық шекараға қарай бармауға үндеп, елге шұғыл оралу керек болған жағдайда ұшақпен келуді ұсынды. 

Ескере кететін жайт, пандемияға байланысты енгізілген Ресей мен Қазақстан арасындағы өткізу режимі өзгермеді, яғни шетелдіктердің елімізге келуіне байланысты жарияланған шектеулер күшін жойған жоқ.

Ресми дерек бойынша, 1343 Қырғызстан азаматы карантин шараларының кесірінен Башқұртстан мен Орынбор облысының шекарасынан өте алмай жүр. Олардың қатарында екіқабат 24 әйел мен 35 бала бар. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу