Қырғызстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің тәжірибесін қолданады

825

Қырғызстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің тәжірибесін қолданады

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мен Қырғыз Республикасы мемлекеттік ипотекалық компаниясы арасында меморандум бекітілді, деп хабарлайды ТҚЖБ-ның баспасөз қызметі.

Аталған келісім тәжірибе алмасу мен ипотекалық нарықтың дамуына себептесіп қана қоймай, Қырғыз Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің қалыптасуына және дамуына үлес қосатын болады.

"Үш жыл бұрын, 2015 жылы тұрғын үй қолжетімділігін арттыру үшін біздің елде "Қолжетімді баспана 2015-2020" бағдарламасы қабылданған болатын. Бұл бағдарламаның аясында тұрғын үй несиелендіруі саласындағы арнайы уәкілетті орган "Мемлекеттік Ипотекалық Компания" ААҚ құрылды. Осы уақыт ішінде біз 3 мыңнан астам азаматты тұрғын үймен қамтамасыз ете алдық. Алдағы уақытта бұдан әрі дамып, еліміз үшін жаңа саналатын механизмдерді енгізу жоспарланып отырмыз. Қазір бізге "Баушпаркассе" неміс моделіне негізделген тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін өз жерінде 15 жыл бойы сәтті жүзеге асырып келе жатқан қазақстандық әріптестеріміздің тәжірибесі қызық. Бұл модель – табысы орта және төмен азаматтарды ипотекалық тұрғын үймен қамтамасыз етудің негізгі және маңызды құралдарының бірі. Қырғыз Республикасы азаматтарына да ең қолайлы шарттармен баспаналы болу үшін бізге аталған жүйенің жұмыс ерекшеліктерін білген, әдіс-дағдыларын игерген маңызға ие", – деп атап өтті меморандумға қол қоюға арналған салтанатты шарада МИК басқарма төрағасы Бақтыбек Шамкеев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу