Қырғызстан: үкімет үйі жанында митинг болып жатыр

802

Тұрақсыздықтың орнағанына осымен екі күн болды. 

Қырғызстан: үкімет үйі жанында митинг болып жатыр

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында тағы митинг өтіп жатыр. Бұл жолы наразы топ үкімет ғимаратының жанына жиналған. Бұл туралы 24.kg басылымы хабарлады.

Қазір ғимаратта премьер-министр қызметін уақытша атқарушы Садыр Жапаров және "Реформа", "Чон казат", "Мекен Ынтымағы", "Ыйман нуру" партияларының жетекшілері отыр. Жапаровтың жақтастары ғимаратқа кіретін есікке тосқауыл қойған.

Жиналған наразы топ бұрынғы депутаттар мен шенеуніктердің қызметіне шектеу қойылуын талап етіп, Садыр Жапаровтың тағайындалуына қарсылығын білдіріп жатыр. 

Қырғызстанда тұрақсыздықтың орнағанына осымен екі күн болды. 6 қазанда бұрынғы үкімет мүшелерінің басым бөлігі жаппай отставкаға кеткен болатын. Президент Сооронбай Жээнбеков әзірге қызметін босатпады. Елде бірнеше үйлестіру кеңесі құрылды, олар республиканың қайтадан заңға бағынуын қамтасыз етуге әрекет етіп жатыр. Дегенмен одан әзірге еш нәтиже шыққан жоқ. 

Қазіргі таңда Жогорку Кеңештің алтыншы шақырылымы ғана елдегі жалғыз заңды билік саналады. Алайда депуттар шешім қабылдау үшін тиісті кворум жинай алмай отыр.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу