Қырғызстан Ұлттық Банкі есептік мөлшерлемені 13% деңгейде сақтап қалды

558

2023 жылдың шілдесінде инфляция жылдық көрсеткіште 10,3 пайызды құрады. 

Қырғызстан Ұлттық Банкі есептік мөлшерлемені 13% деңгейде сақтап қалды Фото: inbusiness.kz

Қырғызстан Ұлттық Банкінің Басқармасы есептік мөлшерлеменің мөлшерін 13 пайыз деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Бішкекте өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық Банктің ресми өкілі Аида Қарабаева мәлімдеді​​​​​, деп жазады Inbusiness.kz.

Шешім ішкі және сыртқы ортадағы экономикалық жағдайдың даму тенденцияларын ескере отырып қабылданды.

"Ақша-кредит саясатының жүргізіліп жатқан курсы әлі де Қырғыз Республикасының экономикасындағы проинфляциялық факторларды шектеуге бағытталғанын атап өткім келеді", — деді ол.

2023 жылдың шілдесінде инфляция жылдық көрсеткіште 10,3 пайызды құрады.

Қарабаева ақша-кредит саясаты саласында бұрын қабылданған шаралардың жалпы жинақталған әсері инфляцияның ықтимал тәуекелдерін жұмсартуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу