Қырғызстанның министрлер кабинеті ұн мен бидай экспортына уақытша тыйым салды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Интерфакс-Қазақстанға сілтеме жасап.
"Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азық-түлік тауарларының нарықтық бағасын тұрақтандыру мақсатында Қырғызстаннан тысқары жерлерге ұн мен бидай экспорттауға алты ай мерзімге уақытша тыйым салынды", - деп жазылған қаулыда.
Қырғызстанның Экономика және сауда министрлігіне Дүниежүзілік сауда ұйымының Қауіпсіздік шаралары жөніндегі комитетін, Еуразиялық экономикалық комиссияны және ТМД Атқару комитетін уақытша тыйымның енгізілгені туралы хабардар ету тапсырылды.
Қаулы ресми жарияланған күнінен бастап үш күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.