Қырғызстан ұшақтары да Қазақстанда жанармай құятын болды

160

Бұл туралы ҚМГ-ның еншілес компаниясы хабарлады.  

Қырғызстан ұшақтары да Қазақстанда жанармай құятын болды Фото: kmg.kz

"ҚазМұнайГаз-Аэро" Алматы халықаралық әуежайында Қырғыз Республикасының мемлекеттік Asman Airlines компаниясының әуе кемелеріне жанармай құю қызметін көрсете бастады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

ҚМГ-Аэро Тамшы – Алматы – Тамшы бағыты бойынша дүйсенбі мен жұма – аптасына 2 рет орындалатын Asman Airlines тұрақты рейстерін авиаотынмен қамтамасыз етеді.

Бағыттар желісін дамыту және халықаралық әуе тасымалдаушылары үшін қолайлы жағдай жасау Мемлекет басшысының еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін нығайту жөніндегі тапсырмаларына, сондай-ақ ҚР Үкіметі қойған міндеттерге сай келеді. ҚМГ-Аэро серіктестеріне сапалы әрі сенімді авиаотын құю қызметтерін ұсынып, ынтымақтастық аясын жүйелі түрде кеңейтіп келеді.

Қазіргі уақытта тараптар серіктестікті одан әрі нығайту мәселелерін, соның ішінде Asman Airlines әуе компаниясының Қазақстанның басқа әуежайларына да жаңа бағыттар ашу мүмкіндігін талқылап жатыр.

Asman Airlines – 2024 жылы құрылған Қырғыз Республикасының мемлекеттік әуе компаниясы ("Қырғызстан әуежайлары" ААҚ-ның 100% еншілес ұйымы). Әуе тасымалдаушысы сыйымдылығы 80 жолаушыға дейін жететін Dash Q400 турбовинтті ұшақтарын пайдаланады.

Компания Қырғызстанның негізгі қалаларына, сондай-ақ халықаралық бағыттарға, соның ішінде Алматыға және Худжандға қатынайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу