Қырғызстан үшінші елдермен шекарадан өткізу пункттерін жасақтап үлгермеді

618

Айыр қалпақты ағайынға қосымша 2 жыл уақыт берілді.

Қырғызстан үшінші елдермен шекарадан өткізу пункттерін жасақтап үлгермеді Фото: sputniknews.kz

Сенатта "2014 жылғы 29 мамырдағы ЕАЭО туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты Қырғыз Республикасының ЕАЭО туралы шартты, ЕАЭО құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарды және ЕАЭО органдарының актілерін қолдануы жөніндегі жағдайлар мен өтпелі ережелер туралы 2015 жылғы 8 мамырда қол қойылған хаттамаға өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заң қабылданды.

Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары -қаржы министрі Әлихан Смайылов: "Қырғыз Республикасы екі жыл ішінде үшінші елдермен шекарадан өткізу пункттерін орналастыру және материалдық-техникалық жарақтандыруды қамтамасыз ету міндеттемесін алды. Мерзімді ұзарту бойынша Қырғыз тарапы бастама жасады. Өткізу пункттерін жаңғырту жұмыстарын аяқтау үшін оларға қосымша уақыт қажет болып тұр", – деді. 

Оның сөзінше, мемлекет басшылары 2018 жылы Сочиде Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында мерзімді 24 айдан 48 айға ұзартуға уағдаласты. Көрсетілген уақытта Қырғыз тарапы үлгермеген. Осыған байланысты 2019 жылы 29 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында мемлекет басшылары Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының аясында 48 айдан 72 айға, яғни 2021 жылдың 12 тамызына дейін өзгеріс енгізу туралы хаттамаға қол қойды. 

"Хаттаманы ратификациялау Қазақстан тарапы үшін ешқандай салдарларға әкеп соқтырмайды және өзгеріс енгізу заңды сипатқа ие", – деді Әлихан  Смайылов.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу