Қырғызстан СІМ басшысының орынбасары Исаев хаттамаға қол қою арқылы ядролық қаруды пайдаланудан туындайтын қауіптен сақтануға болады деп есептейді.
Исаев өңірдегі ядролық қарудан азат аймақ туралы шартқа кіретін қауіпсіздік кепілдіктері туралы хаттамаға қол қою ядролық қаруды пайдаланудан туындайтын қауіптен сақтану жолы екенін атап өтті.
"Қырғызстан — Орталық Азияда ядролық қаруды таратпау туралы Шарттың депозитарийі. Біз Африка, Латын Америкасы, халықаралық ұйымдармен белсенді жұмыс істейміз. Бұл семинарды өткізу үлкен саяси мәнге ие болады", - деді Исаев.
Оның айтуынша, семинар Қырғызстанның ядролық қаруды таратпау идеяларындағы рөлін атап көрсетеді.