Қырғызстан жемқорлықпен күресті күшейтті

1054

Қырғызстан жемқорлықпен күресті күшейтті

Қырғызстанда жемқорлық немесе мемлекет меншігін тонағаны үшін жауапқа тартылған және сотталған шенеуніктердің тізімі дайындалады. Бұл туралы қауіпсіздік кеңесінің бірінші орынбасары Дамир Сагынбаев айтты, деп хабарлайды abai.kz.

"Бұл реестр бізге не үшін керек? Айыптау үкімін алғандар мемлекеттік қызмептке қайта тұрмауы үшін қажет", - деді Сагынбаев.

Оның сөзіне қарағанда, жемқорлық және бюджет қаражатын жеуге қатысты қозғалған, бірақ негізсіз уақытша тоқтаған немесе тоқтатылған істер жақында қайта қозғалып, тергеу жалғасады.

13 ақпанда президент Сооронбай Жээнбеков қауіпсіздік кеңесінің "Жемқорлықпен күрес туралы" шешіміне қол қойды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу