Қырғызстанда 100-ден астам медициналық қызметкер вирус жұқтырды

726

Елдегі науқастардың саны 466-қа жеткен.

Қырғызстанда 100-ден астам медициналық қызметкер вирус жұқтырды

Жаңа коронавирус инфекциясын жұқтырған қырғызстандық медициналық қызметкерлердің саны 104-ке жетті. Бұл туралы 24.kg басылымы хабарлады. 

"Бір тәулік ішінде  Covid-19 вирусын осы салада жұмыс істейтін 5 адам жұқтырды. Оның 4-еуі Бішкектен", – деді індетпен күрес жүргізіп жатқан штабтың өкілі. 

Ресми мәлімет бойынша, бір тәулік ішінде елде вирус жұқтырудың 17 фактісі тіркелген. Жалпы науқастардың саны 466-ға жеткен. 5 адам қайтыс болған. 11 кісі ауыр халде. 91 адам жазылған. 

Пандемияға байланысты Қырғызстанда төтенше жағдай режимі жарияланған болатын. Бірқатар елдімекенде осы орайда қабылданған шаралар қатаңдатылып, олар карантинге жабылды. Соңғы мәлімет бойынша, Бішкектегі коменданттық сағат қысқартылды. Комендант Алмазбек Орозалиев шектеу мерзімі 21.00-ден 6.00-ге дейін белгіленгенін мәлім етті. Сонымен қатар Ноокат, Қара-Суй аудандары мен Ош қаласында да коменданттық сағат қысқартылды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу