Қырғызстанда 2-5 тамыз аралығында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының ұжымдық күштерінің құрамына кіретін арнайы мақсаттағы күштердің құралымдары "Кобальт-2022" деп аталатын тактикалық-арнайы оқу-жаттығуы өткізеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Оқу-жаттығу барысында ұйымға мүше мемлекеттердің арнайы мақсаттағы әскерлерінің жиынтық топтары банда құрылымдарын, террористік топтарды іздеу және қарусыздандыру, сондай-ақ есірткі контрабандасының жолын кесу және қару жасырылған жерді, есірткі заттары өндірілетін зертханаларды табу сияқты жауынгерлік тапсырмаларды орындайды.
ТЖМ бөлімшелері терроризмге қарсы операцияның салдарын жоюға қатысты міндеттерді пысықтайды.
Оқу-жаттығудың соңында қатысушылар арасында әртүрлі қарудан ату бойынша жарыс ұйымдастырылады.
Табиғат Нұрболат