Қырғызстанда 2100 мектеп оқытудың дәстүрлі режиміне оралды. Бұл туралы елдің білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомство мәліметінше, оқу орындарының жұмысын жандандыру алдында әр елдімекендегі эпидемиологиялық жағдай ескерілген.Жалпы, көршілес елде 2152 мектеп бар.
24.kg басылымының хабарлауынша, Бішкектегі мектептер 18 қаңтардан бастап біртіндеп офлайн оқыту формасына көшеді.
"Бұл процесс білім және ғылым, сонымен қатар денсаулық сақтау министрліктері бекіткен барлық санитарлық нормалар мен алгоритмдер арқылы жүзеге асырылады. Бүгін біз тиісті санитарлық нұсқаманы алдық, құжатта оқу процесінің шарттары толықтай жазылған. Біз оны мектептерге жібереміз", – деді Бішкектегі білім басқармасының басшысы Эльмира Иманалиева.
Табиғат Нұрболат
Фото: kabar.kg