Қырғызстанда 70 жазасын өтеуші аштық жариялады

662

Қырғызстанда 70 жазасын өтеуші аштық жариялады

Қырғызстандағы колониялардың бірінде 70 жазасын өтеуші аштық жариялады, олардың кейбірі аузын тігіп, қолын тіліп тастаған, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

"Молдовановка ауылындағы №27 түзету колониясында (Бішкектен 20 км қашықтықта) 70 жазасын өтеуші аштық жариялады. Аштықты экстремиз мен терроризм үшін сотталғандар жариялап отыр, олардың 10-ы өз аузын тігіп, тағы 10 шақтысы қолын тілді", - дейді Қырғызстанның жазаны атқаруға қатысты мемлекеттік қызметінің баспасөз қызметінен. 
"Жазаланғандар камерада ұялы телефон мен электр плитасын пайдалануға рұқсат беруін талап етіп отыр",- дейді агенттіктен.

Сондай-ақ олар тамақтану сапасына шағымданып, камералық типтегі қамау орнын ауыстыруды талап етуде. Қазір психологтар сөйлесіп, оларды райынан қайтаруға тырысуда.

Ресми органның айтуынша, наразы топ орындалмайтын талап қойып отыр. Себебі Қырғызстанда 2016 жылдан бері қылмыстық-атқару кодексіне өзгеріс енгізіліп, терроризм мен экстремизм үшін сотталғандар оқшау камераға қамалатын болған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу