Қырғызстанда "ақылды қаланың" құрылысы басталды

530

Жұма күні Қырғызстанның Ыстықкөл облысында Республика Президенті Садыр Жапаров "ақылды қаланың" бірінші кірпішін қалады.

Қырғызстанда "ақылды қаланың" құрылысы басталды Фото: Eurasia Today

Бұл туралы Қырғызстан басшысының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Жапаровтың айтуынша, Ыстықкөл көлінің жағасында инновациялық қала салу Қырғызстанның экономикалық және туристік орталыққа айналуына мүмкіндік береді.

"Асман қаласы Шығыс пен Батысты, Солтүстік пен Оңтүстікті байланыстыратын қаржылық хаб болады! Егер бұл қала толық қуатқа ие болса, Кумтор сияқты еліміздің экономикасын алға жылжытатын,  мемлекетіміздің экономикалық локомотивіне айналады", — деді Жапаров.

Қырғызстан президенті Асманның жобасын әзірлеуге және оның құрылысын бастауға мемлекеттік бюджеттен қаражат пайдаланылмағанын атап өтті. Сонымен қатар, Қырғызстан басшысы инвесторларды оның құрылысына қорықпай инвестиция салуға шақырды.

"Қазіргі билік сіздің істеріңізге араласпайды және біз соған толық мемлекеттік кепілдік береміз. Біз ешкімнің келуіне және әртүрлі сылтаулармен ақша бопсалауына, мемлекеттік органдар, қауіпсіздік қызметкерлеріне жұмысқа кедергі келтіруіне жол бермейміз. Бұл ретте жергілікті өзін-өзі басқару органдарының ешқайсысы немесе жергілікті халықтың атынан қандай да бір заңсыз әрекеттерге кедергі жасамайтынына уәде береміз. Ал сіздерге біреу кедергі келтірер болса, мен ол адаммен жеке айналысамын. Егер қандай да бір тараптан біздің инвесторларға қатысты құқыққа қайшы әрекеттерге жол берілсе, онда бұл адамдар қатаң жазаланады", - деді Жапаров.

Қырғыз тілінен аударғанда "Асман" сөзі "аспан" дегенді білдіреді. Қала құрылысына 20 миллиард доллар және 7-8 жыл қажет болады деп болжануда. Онда 500-ден 700 мыңға дейін адам тұра алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу