Қырғызстанда алкоголь өніміне жаппай тыйым салына бастады

893

Қырғызстанда алкоголь өніміне жаппай тыйым салына бастады

Қырғызстанның бірқатар өңірінде алкогольді ішімдік сатуға тыйым салына бастады, деп хабарлайды e-islam.kz.

Алкогольге ең алғаш 2008 жылы Ош облысы Қарақы аймағы тыйым салған. Бұдан кейін республикадағы 30 дүкен сөресінен спиртті ішімдік түгелдей алынған.

Басты мақсат – жастарды алкогольге тәуелділіктен қорғау және осыған байланысты туындайтын қылмыстың алдын алу. Спирт өнімдеріне тыйым салу туралы бастаманы көбіне жергілікті тұрғындар көтереді. Олардың ұсынысын жергілікті билік өкілдері, имамдар мен сауда орындары иелері де қолдап келеді.

Чайча, Алп-Ордо, Кара-Таш, Мады мен Қызыл-Суу ауданы тұрғындары 2015 жылдан бері өз өңірлерінде алкоголь өнімдерінің сатылуына қарсылық білдірген.

Мұнан кейін Қырғыз-Ата Ноокат ауданының жеті бірдей ауылы, Алай ауданы Киров ауылы да бастаманы жалғастырған. Сондай-ақ жергілікті әкімдік те қолдау көрсеткен.

2017 жылдың ақпан айында Қара-Құлжа ауданы Алайкуу ауылында да алкогольге тыйым салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу