Қырғызстанда арабша атаулар мен шет тілдегі мультфильмдерден бас тарту ұсынылды

782

Парламент спикері депутаттарды ана тілдерінде сөйлеуге және есімдерді қырғызша атауға шақырды.

Қырғызстанда арабша атаулар мен шет тілдегі мультфильмдерден бас тарту ұсынылды Фото: canva.com

Қырғызстан парламентінің спикері Нұрланбек Шакиев қырғыз тілін сақтау үшін елде орыс және ағылшын тілдеріндегі мультфильмдерді бұғаттауды ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты Интерфакс-қа сілтеме жасап.

"Балалар телефонда көретін барлық мультфильмдер - орыс тілінде, қырғыз тілінде мультфильмдер жоқ. Мультфильмдерді орыс, ағылшын тілдерінде бұғаттау керек. Егер бүгін біз өз тілімізді сақтау жұмыстарын бастамасақ, ертең біздің тіліміз жоғалады", - дейді ол.

Ол депутаттарды ана тілдерінде сөйлеуге және есімдерді қырғызша атауға шақырды. Оның айтуынша, көптеген сөз орыстандырылған және арабталған.

"Балаларға есім берерде де, көбінесе арабша (...). Бізде көптеген әдемі қырғыз есімі бар, бұған назар аудару керек. Тілді ғана емес, қырғыз есімдерін де жоғалтамыз", - деді Шәкиев.

Қырғыз тілі - Қырғызстандағы мемлекеттік тіл, орыс тілі-ресми мәртебеге ие.

Қырғыз парламентінің спикері бұл мәселені бірінші рет көтеріп отырған жоқ. 2022 жылдың желтоқсанында ол Табиғат министрлігінің басшысы Динара Кутмановаға ресми тілде баяндама жасауға рұқсат бермеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу