Қырғызстанда арандатушылар ұсталды

499

Тәртіп сақшылары анықтағандай, ұсталғандар көпшілікті ұлтаралық араздыққа шақырған.

Қырғызстанда арандатушылар ұсталды

Қырғызстанда әлеуметтік желілерде қырғыздар мен тәжіктер арасында ұлттық алауыздықты тудыратын ақпарат таратумен айналысатын 20-ға жуық азамат ұсталды. Бұл туралы бүгін, 23 қыркүйекте ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

"Соңғы күндері әлеуметтік желілерде ұлтаралық араздықты тудыратын хабарламалар белсенді түрде жариялануда. Мониторинг кезінде табылған әлеуметтік желілер пайдаланушылары "ұлтаралық дұшпандықты тудыратын агрессивті хабарламалар" жариялаған. Ішкі істер органдарының қызметкерлері жоғарыда аталған азаматтарды анықтап, оларды ІІО-ға жеткізді, қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде", – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомство мұндай әрекеттер республиканың қылмыстық кодексінің 330-бабына сәйкес нәсілдік, этникалық, ұлттық, діни және аймақаралық араздықты тудыру туралы қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салды.

Жаза айыппұл немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қамтиды.

Динара Мұрат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу