Жогорку Кенеш депутаты Марлен Маматалиев жол қозғалысы ережелерін бұзуды анықтауға көмектесетін тұлғаларды қаржылық ынталандыруға ұсынды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Кабар ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Құжатқа сәйкес, заң жобасында уәкілетті мемлекеттік органға жол қозғалысы ережелерін бұзу орындарынан фотосуреттер мен бейнематериалдарды жіберу арқылы құқық бұзушылықтарды анықтауға көмектесетін тұлғаларды материалдық ынталандыру ұсынылады.
Сонымен қатар, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұл төленген жағдайда жеке тұлғалар 25%, ал заңды тұлғалар әрбір төленген айыппұл сомасының — 50% мөлшерінде төлем алады деп күтілуде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу