Қырғызстанда азық-түлік бағасы біздің елмен салыстырғанда 14,7 пайызға арзан

161

Қырғызстанның су ресурстары, ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі министрлігі республикадағы, Қазақстан мен Ресейдегі азық-түлік бағаларын салыстырды. 

Қырғызстанда азық-түлік бағасы біздің елмен салыстырғанда 14,7 пайызға арзан Фото: canva.com

Ведомство есептеуінше Қырғызстандағы өнімдер Қазақстанға қарағанда 14,7 пайызға, ал Ресейге қарағанда 15,2 пайызға арзан, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алайда ЕАЭО елдерінің статистикалық деректерімен салыстырар болсақ, үш елдің арасындағы айырым айтарлықтай емес екенін байқауға болады. 

Қырғызстандық 24.kg порталы жоғарыда айтылған министрліктің деректерін Еуразиялық экономикалық комиссия ай сайын жариялайтын ЕАЭО елдерінің статистикалық деректерімен салыстыра отырып тексерді.

Қырғызстандағы азық-түліктің көпшілігі Қазақстан мен Ресейге қарағанда қымбатырақ екені белгілі болды. Алайда, жалпы алғанда, Қырғызстандағы барлық осы өнімдердің пайыздық арақатынасында арзан сары май, ірімшіктер мен көкөністердің есебінен Қазақстан мен Ресейге қарағанда арзанырақ. 

Барлығы негізгі 22 азық-түлік түрі бойынша бағалар салыстырылды, оның ішінде сиыр, құс, қой еті, балық, сүт өнімдері, күріш, жұмыртқа мен көкөністер бар. Осылардың ішінде біздің елде тек сиыр еті мен қой еті, балық, күнбағыс майы, тұз, сүт, жұмыртқа, көкөністер (қызанақ пен қиярдан басқа) арзанырақ. Салыстырмалы түрде бізде ірімшік, жоғары сортты ұн қымбат екені анықталды.

Сонымен Қазақстанда азық-түлік бағасы Қырғызстанмен салыстырғанда 6,02 пайызға қымбат болып отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу